• Басты
  • Жаңалықтар
  • «БЖК-2020» аясында Ақмола облысында құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

«БЖК-2020» аясында Ақмола облысында құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

23 Желтоқсан, 2013 09:43
Макинск қаласында құрылыс материал – миниералды плита шығаратын зауыт ашылды, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында іске қосылған жоба жылына 10 мың тонна плита өндіруге мүмкіндік береді. Шикізат ретінде базальтті тас пайдаланылады», - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, аталмыш кәсіпорынның өзгелерден айырмашылығы – өнімнің консистенциясында.

Хабарламада айтылғандай, жаңа кәсіпкерліктің ашылуы отандық және халықаралық нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар