• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс адам саудасына қарсы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде қаулы қабылдады

Мәжіліс адам саудасына қарсы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде қаулы қабылдады

19 Желтоқсан, 2012 00:00
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі қаулыны қабылдады.

«Мәжіліс қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы келіп түсті. Заң жобасының мақсаты - адам саудасына қарсы заңнамаларды жетілдіру», - деді құжатқа қатысты баяндама жасаған Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Рахмет Мұқашев.

Депуттар дауыс бере отырып, Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге бағытталған Қаулыны қабылдады. 

Барлық жаңалықтар