Елбасы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрімен кездесті

6 Мамыр, 2017 18:34
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тараптар қорғаныс саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың қазіргі мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев С.Шойгумен кездесу барысында биыл атап өтілетін Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығының маңыздылығына тоқталып, оның аясында бірқатар салтанатты іс-шара ұйымдастырылатынын айтты.

Барлық жаңалықтар