- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА: 7 мамыр – ерлік пен ержүректіліктің мерекесі
ҚХА: 7 мамыр – ерлік пен ержүректіліктің мерекесі
Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Біздің ел үшін 7 мамыр – бұл ерлік пен ержүректіліктің, жауынгерлік борыш пен Отанға адал қызмет етудің мерекесі.
25 жыл бұрын ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойған еді.
Ширек ғасыр ішінде олар өздерінің жоғары жауынгерлік дайындығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында Қазақстанның сенімді қалқанына, тәуелсіздік пен егемендіктің тірегіне айналды.
Бүгін біз Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Қарулы Күштердің барлық буындарына құрмет көрсете отырып, еліне шексіз адал, мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғаушыларға ризашылығымызды білдіреміз.
Еліміздің сан ғасырлық шежіресі барлық уақытта да Қазақстан халқына тән ерлік пен жауынгерлік тәлімге толы.
Сол себепті біз өзінің күш-қуатын, өмірін аямай туған жерін қорғайтын азаматтарға ризашылық білдіріп, оларға ерекше құрметпен қараймыз.
Қымбатты Отан қорғаушылар!
Сіздерге шын жүректен бақыт, шаңырақтарыңызға бейбітшілік, шаттық пен бақ-береке тілейміз. Ардагерлеріміздің дені сау болып, сарбаздарымыз бен офицерлеріміздің қызметі табысты болғай.
Қайсар және ержүрек азаматтардың мерекесі әрқашан тыныштық пен қуаныштың мерекесі болсын!
Мерекелеріңізбен!
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері