- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлы Жеңіс – Қазақстан халқының мызғымас бірлігінің жарқын үлгісі – ҚХА
Ұлы Жеңіс – Қазақстан халқының мызғымас бірлігінің жарқын үлгісі – ҚХА
9 Мамыр, 2017 11:34
Қазақстан халқы Ассамблеясы отандастарын Жеңіс күнімен құттықтады.
Құрметті отандастар!
Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді әрбір қазақстандық үшін қасиетті де қастерлі мереке - 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтайды!
Біздің әкелеріміз бен аталарымыз қан майданда жан аямай шайқасып, ажалға қасқайып қарсы тұрды. Отан үшін отқа түсіп, шынайы патриоттықтың үлгісін көрсетті.
Сіздердің сұрапыл соғыстағы теңдесі жоқ ерліктеріңіздің, қайсарлықтарыңыз бен қаһармандықтарыңыздың арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт өмір сүруде.
Бұл - біздің ортақ мұрамыз, Қазақстан халқының мызғымас бірлігінің жарқын үлгісі.
Ұлы Жеңіс күні - біздің мәңгілік мақтанышымыз, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі.
Ұлы Жеңіс туралы естелік ерлікке толы тарихымыздың ұмытылмас парағы радикализмнің, этноұлтшылдықтың және экстремизмнің барлық түрлерінен бас тартып, жалпыұлттық рухты, сенімді, достықты қалыптастырады.
Оның негізі – Отанға, туған жерге, өзінің жақындарына және отбасына сүйіспеншілік, тұрақтылыққа, бейбітшілік пен келісімге деген тылпыныс болып табылады.
Ардақты ағайын!
9 мамырда еліміздің барлық қалалары мен ауылдарында қуаныш, шаттық орнап, ардагерлердің жүздеріне күлкі ұяласын, құшақтары гүлге толып, омырауларында медальдар мен ордендер жарқырасын, олардың ерлігі әрбір қазақстандықтың жүрегінде мәңгі сақталады.
Баршаңызға денсаулық және бақыт тілейміз! Жеңіс күні құтты болсын!
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы