• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ресей басшылары кезекті Астана процесінің қорытындыларын талқылады

Қазақстан мен Ресей басшылары кезекті Астана процесінің қорытындыларын талқылады

5 Мамыр, 2017 18:51
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Мемлекеттер басшылары Астанада биылғы 3-4 мамырда өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Барлық жаңалықтар