- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Мексика арасындағы сауда көлемі 66 млн долларды құрады
Қазақстан мен Мексика арасындағы сауда көлемі 66 млн долларды құрады
А. Елемесов өз сөзінде Мексика үкіметі Қазақстанға – Орталық-Азия өңіріндегі көшбасшы елдердің бірі, ал Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа беделді әрі көреген басшы ретінде қарайтынын атап өтті. Мексика Латын Америкасындағы және Кариб бассейніндегі 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде біздің еліміздің кандидатурасын қолдаған алғашқы елдердің бірі еді.
А. Елемесов мексикалық кәсіпкерлердің Қазақстанға көкөністер мен жемістерді жеткізуге, тау-металлургиялық кешеніне инвестициялауға, қазақстандық астықты, тас көмірді, химиялық сала өнімдерін, тыңайтқыштарды, фармацевтикалық өнімді және т.б. сатып алуға деген жоғары қызығушылығы туралы ақпараттандырды.
Елші мексикалық және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлардан тұратын «Қазақстанның достары» тобын құру идеясы жайында айтып берді.
«Бұл топ талдау жүргізіп, «Жол картасын» әзірлеуі тиіс, онда қызығушылық танытқан тауарлардың толық тізбесі, ықтимал бағдарлар және тауардың өзінің соңғы бағасы көрсетілетін болады», – деп атап өтті А. Елемесов.
ҚР СІМ мәліметі бойынша 2016 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 66 млн АҚШ долларын құраған.
Мексикалық кәсіпкерлер тобы тауарлардың түрлері мен бағаларын зерттеу мақсатында Астанадағы тамақ өнімдерін өндіру және жеткізу желілерінде, сондай-ақ сауда орталықтарында болып қайтты. Сонымен қатар, олар министрліктердің және Қазақстан ведомстволарының, «Kazakh Invest», «ҚазМұнайГаз», «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компанияларының, «ҚазАгро», «Бәйтерек» холдингтерінің басшылығымен кездесті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция