- Басты
- Жаңалықтар
- Бухарест қаласында Румынияның ұлттық ЭКСПО-павильоны таныстырылды
Бухарест қаласында Румынияның ұлттық ЭКСПО-павильоны таныстырылды
Іс-шара «Хория Хулубей» физика және ядролық инженерия ұлттық ғылыми-зерттеу институтының және Румыния-Қазақстан екіжақты сауда-өнеркәсіптік палатасының қатысуымен ұйымдастырылды.
Таныстыруға Қазақстанның елшісі, Физика және ядролық инженерия ұлттық ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, академик Николае Замфир, Румыния-Қазақстан екіжақты сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті, Қазақстанның Галаце қаласындағы Құрметті консулы Петру Лифичиу, Сыртқы істер министрлігінің, Румынияның іскерлік орта және кәсіпкерлік, академиялық, іскерлер және сарапшылар топтарының өкілдері қатысты.
Қазақстанның Румыниядағы елшісі Дәулет Батрашев қатысушылар алдында сөз сөйлей отыра, алдағы іс-шара туралы толық тоқталып, «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақырды.
«Көрме өткізу кезеңінде Астана халықаралық оқиғалар орталығына айналады – ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының және Ғылым және технологиялар жөніндегі ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиттерін, министрлік кездесулері мен форумдарын өткізеді, қатысушы елдердің ұлттық күндерін, әр түрлі мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу орнына айналады», - деп атап өтті ол.
Іс-шара барысында алдағы көрме биылғы жылдың ең ірі халықаралық іс-шарасы болып табылатыны және бизнесті одан әрі дамыту және іскерлік ынтымақтастықты кеңейту үшін жақсы мүмкіндіктер беретіні жайында айтылып, Астанадағы көрме кезінде үш румыниялық экономикалық миссияға дайындық туралы хабарланды.
Румынияның Ұлттық комиссарының Кеңесшісі Кристиан Куташ «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі ұлттық павильонының макетімен таныстырды. Н. Замфир және Лазерлік технологиялар ғылыми-зерттеу орталығының мамандары әлемдегі ең күшті лазердің құрылымы бойынша «Extreme Light Infrastructure» (Экстремалды жарық инфрақұрылымы) еуропалық жобасын көрсетті, оның моделі Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінде румыниялық павильонның орталық элементі ретінде ұсынылмақ.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды