Б.Сағынтаев АҚШ елшісімен кездесті

5 Мамыр, 2017 16:14
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Кроллмен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оның перспективалы бағыттарын кеңейту, соның ішінде, жоғарғы технологияларды дамыту мен Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту саласындағы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың биыл сәуір айындағы АҚШ-қа жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар мен болжанған нақты жобаларды іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Нью-Йорк және Сан-Франциско қалаларында болды, онда «ірі халықаралық қаржы институттары мен АҚШ-тың іскерлік орталарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. 

Барлық жаңалықтар