- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда жаңа емхана ашылды
Алматыда жаңа емхана ашылды
Медеу ауданында ашылған бұл емхана күніне 600-ге дейін келушіні қабылдап, 20 мыңға дейін сараптама жасайды.
Аурухананың бас дәрігері Болат Садықов кезекте тұруды азайту және келушілерге жайлы болу үшін тіркеу орнын алып тастағандарын айтты.
«Арнайы оқудан өткен, қолдарында рациялары бар менеджерлер келушілерді ертіп жүреді және түрлі кеңестер береді. Бүгінгі күні біздің мамандар заманауи еуропалық жабдықпен жұмыс жасауда. Мысалы, отоларингологтың кабинетіне солардың үздіктерінің бірі қойылды. Жалпы, нысан құрылысының және ондағы қондырғылардың құны 1,5 млрд теңгені құрады», - деді Б.Садықов.
Төрт қабатты жаңа ғимаратта отбасылық, балалар денсаулығы, сурдологиялық, оңалту орталықтары, физиодиагностикалық бөлім, күніне 20 мыңға жуық адамның сараптамасын жасайтын әрі 5 емдеу мекемесі бекітілген клиникалық-диагностикалық орталықтандырылған зертхана орналасқан.
«Бізге қажет жабдықтың бәрі сатып алынды. Олардың арасында авторефлектометр бар, оның ерекшелігі екі айлық баланың да көз ауруын бірден анықтай алады. Тіпті, көздің қан қысымын анықтайтын аппарат та бар. Біз енді бұрынғы ескі әдіс бойынша жұмыс істемейміз. Барлық жұмысты автоматты режимдегі қондырғылар атқаратын болады»,- деді офтальмолог – дәрігер Елдос Түсіпбаев.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру