- Басты
- Жаңалықтар
- 25 Отан қорғаушы: генерал-лейтенант Болат Жанасаев (ФОТО)
25 Отан қорғаушы: генерал-лейтенант Болат Жанасаев (ФОТО)

Болат Жанасаев 1952 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысы Темір қаласында дүниеге келген. Әскери қайраткер, генерал-лейтенант, әскери ғылымның кандидаты. 1975 жылы Алматы жоғары әскери училищесін, 1987 жылы Мәскеудегі М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны, 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ал, 2008 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері бас штабының Әскери академиясын үздік тәмәмдады.

1977 жылы - Германиядағы Кеңес әскерінің мотоатқыштар батальонының командирінің орынбасары-штаб бастығы, мотоатқыштар ротасының командирі,
1982 жылы Сібір әскери округының мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкының мотоатқыштар батальонының командирі болып тағайындалды.

1987 жылдан бастап академияны тәмәмдағаннан кейін Киев әскери округы мотоатқыштар полкының штаб бастығы,
1989 жылы – орта Азия және Қазақстан бойынша КСРО ІІМ ІББ бригада командирінің орынбасары,
1990 жылы орта Азия және Қазақстан бойынша КСРО ІІМ ІББ оқу полкының командирі,
1992 жылы - КСРО ІІМ ІББ бригадасының командирі,

1992 – 1994 ж.ж. – ҚР Жоғарғы Кеңесінің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитеттің төрағасы,
1994 – 1995 жж. – ҚР Ішкі әскерлерінің қолбасшысы,

1995 жылдан – ҚР Ішкі әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары,
2001 – 2002 ж.ж. – ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы,
2002 - 2003 ж.ж. – ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің қолбасшысы,
2003 – 2004 ж.ж. ҚР ҚК Шығыс әскери округінің қолбасшысы,
2004 – 2010 жж. – ҚР ТЖ вице-министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары, ҚР Қорғаныс министрлігі Ұлттық университетінің бастығы қызметтерін атқарды.
2010 жылдың маусым айынан желтоқсан айына дейін ҚР қорғаныс министрінің құзыретінде болды.
2011 жылдың қаңтар айынан қараша айына дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру»АҚ бас директорының кеңесшісі,
2011 жылдың желтоқсанынан 2013 жылға дейін «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі,
2013-2016 ж.ж. - «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ топтық қауіпсіздік департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
Ал, 2017 жылдың ақпан айынан бастап Мұнайгаз кешені жұмысшыларының кәсіби салалық одағы төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.

1984 жылы ақпан айында жауынгерлік және саяси дайындық барысында жеткен табыстары үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және 2003 жылы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Жалпы, ол отыздан астам медальмен марапатталған.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Ұлы Отан соғысы ардагерлерiн әлеуметтiк қолдау шаралары