- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстанның кооперативтері үшін қайтарымсыз негізде ақша бөлінбек
Оңтүстік Қазақстанның кооперативтері үшін қайтарымсыз негізде ақша бөлінбек
Оңтүстік Қазақстан облысы шаруалары инвест-субсидия алып, қайтарымсыз ақшаға қол жеткізе бастады. Аталған жүйенің артықшылығы - инвест-субсидия лизинг бойынша алғашқы жарна ретінде қабылданып, жабдықтың өзі кепілзат бола алады. «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының мамандары кооперативтерге ұсынылатын осы және өзге де жеңілдіктер туралы ақпарат беру үшін Шардара, Мақтаарал аудандарында көшпелі семинар кеңес өткізді.
Шараның мақсаты - кооперативтерді несиелендіру бойынша әзірленген бағдарламалардың мән-жайын түсіндіріп, қаржылай қолдау көрсету.
Семинарға Шардара ауданы әкімдігінің басшылық құрамы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары, «ОҢТҮСТІК» АИО жобаларды жүзеге асыру департаменті, «Ырыс» МҚҰ-ның ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының аймақтық өкілдері қатысып, шаруаларға кооперативті қалай ашу және оның жұмысын әрі қарай қалай жүргізу керектігі жөнінде түсініктеме берді.
«ОҢТҮСТІК» АИО жобаларды жүзеге асыру департаменті директорының орынбасары А. Сауранбаевтың айтуынша, кооперативтер жабдықты лизингке алу арқылы жабдықтың ерекшелігіне қарай инвест-субсидия алып, қайтарымсыз ақшаға қол жеткізе алады.
«Мұның артықшылығы - инвест-субсидия лизинг бойынша алғашқы жарна ретінде қабылданып, жабдықтың өзі кепілзат бола алады, - дейді ол.
Кездесу барысында шаруалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандар арқылы тұшымды жауаптарын алды.
Кезекті семинар Мақтаарал ауданында өтіп, кәсіпкерлік бөлімі, қаржы орталықтарының өкілдері қатысушыларға кооператив құрудың артықшылықтары, кооперативтерді қаржыландыру, Мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялардың көлемі жөнінде және коопертивтерді ашу механизмі жайында толық мәлімет берді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды