- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЭКСПО-2017 кезінде бірқатар мекемелердің жұмыс істеу кестесі өзгереді
Астанада ЭКСПО-2017 кезінде бірқатар мекемелердің жұмыс істеу кестесі өзгереді
Баспасөз мәслихатының негізгі тақырыптары қала мекемелерінің жұмыс уақытын саралау, жаңа учаскелерге Shuttle Bus бағдарларын және Bus Lane жолақтарын енгізу, Қабанбай батыр даңғылының бойында солға бұрылуға тыйым салу, сонымен қатар көліктік хабтар құру мәселелері болды.
Сондай-ақ ыңғайлы және қауіпсіз көліктік тірек құру үшін бірқатар көліктік шешімдер ұсынылған болатын: қосымша автобустардың көмегімен қалалық бағдарларды нығайту, соның ішінде түнгі бағдарлар, ЭКСПО қатысушыларын орталықтан тасымалдауды ұйымдастыру, Астанада жүк автокөлігінің жүруін шектеу тәртібі және т.б.
Шара барысында көше-жол желісіне түсетін салмақты азайту бойынша нақты бағдарлама ұсынылды.
Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов атап өткендей, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге дейін мемлекеттік органдардың, жоғары және мамандандырылған оқу орындарының жұмысының басталу уақытын өзгерту жоспарланған.
Осылайша, мемлекеттік органдар жұмысының басталу уақыты 9:00-ден 8:30 сағатқа ауысты, ЖОО және ОМОО жұмысын 8:00 сағаттың орнына 10:00 сағаттан бастайтын болады. Сонымен қатар, ХҚКО және қаржы ұйымдарының жұмыс кестесін 9:00-ден 10:00 сағатқа ауыстыру көзделген. Балабақшалар мен мектептердің жұмыс кестесі өзгермейді.
«Жұмыс уақытын саралау әлемнің көптеген мегаполистерінде қолданылатын стандарттық және тиімді тәжірибе болып табылады. Бұл шара қарбалас сәттерде жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Бекмырза Игенбердинов.
Қалалық қажеттілік шеңберінде (ескі және сәйкес келмейтін автобустарды есепке ала отырып) қоғамдық көліктің қолжетімлігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ЭКСПО-ны көлікпен сәтті қамтамасыз ету және халықаралық және өңірлік делегацияларға арналған тапсырыс берілген автобустарды ұйымдастыру үшін 423 автобус сатып алынды, оның ішінде 270-і – қалалық, 110 – жұмсақ және 43 - мектептік.
Осыған байланысты қолданыстағы бағдарлар күшейтіледі, бұл 10-15 қозғалыс аралығын 5-7 минутқа дейін азайтуға мүмкіндік береді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді