- Басты
- Жаңалықтар
- Таразда ҰОС ардагерлеріне 150 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек беріледі
Таразда ҰОС ардагерлеріне 150 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек беріледі
Қазіргі уақытта Тараз қаласында 68 ҰОС қатысушысы мен мүгедегі, 232 ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің жесірлері, 128 тыл қызметкері тұрып жатыр. Қала әкімдігінің басшылығы осы адамдардың барлық проблемаларына үнемі көңіл бөледі.
Мысалы, Жеңіс күнінің 72 жылдығын тойлау қарсаңында қалалық бюджеттен әрбір ҰОС қатысушысы мен мүгедегінің жеке шотына 150 000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек аударылады, сондай-ақ ҰОС қатысушыларының жесірлеріне – 15 000 теңге, тыл қызметкерлеріне 15 000 теңге мөлшерінде ақша аударылатын болады.
Таразда Жеңіс күнін атап өту ескерткіштерге гүлшоқтарын қоюдан басталады. Қала көшелерінен әскери-патриоттық бірлестіктердің бастамасымен құрылған «Қаһарман ұлт» жалпы республикалық шеруі ұйымдастырылмақ. Іс-шараның мақсаты – Отан үшін ұрыс даласында жан қиған майдангерлерді, сондай-ақ соғыстан оралып, бейбіт өмірде ел дамуына үлес қосып, өмірден кеткен ардагерлерді де еске алу.
Қазіргі уақытта Жеңіс күнін тойлау қарсаңында қаланың барлық кәсіпорындары мен мекемелерінде, оқу орындарында, мектептерінде ерлік сабақтары, кураторлық және сынып сағаттары, дәрістер, ҰОС қатысушыларымен және мүгедектерімен кездесулер, қайырымдылық акциялары өткізілуде.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді