- Басты
- Жаңалықтар
- Астана процесі: Сириядағы бәсеңдету аймақтарын құру туралы меморандумға қол қойылды (ФОТО)
Астана процесі: Сириядағы бәсеңдету аймақтарын құру туралы меморандумға қол қойылды (ФОТО)
ҚР СІМ мәліметі бойынша келіссөздерге Сирия үкіметі мен қарулы оппозициясы, гарант елдер Иран, Ресей және Түркия делегациясы, сондай-ақ БҰҰ Иордания және АҚШ жоғары өкілдері қатысты.
Екі күндік кездесудің қорытындылары барлық тараптардың қатысуымен өткен пленарлық отырыста жасалды. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қатысуымен және толық қолдауымен басталған Астана процесі женевалық форматты толықтыратын маңызды келіссөз алаңына айналғанын атап өтті.
«Наурызда өткен келіссөздерден кейін Сириядағы шиеленіс едәуір ушығып, бірқатар қайғылы оқиғалар орын алды. Осы жағдайда Астана процесінің маңызы одан сайын арта түсті», - деді министр.
Осыған орай, Қ.Әбдірахманов Астанадағы Сирия бойынша халықаралық кездесуге қатысушы гарант мемлекеттер мен барлық мүдделі тараптардың жоғары деңгейін ерекше атап өтті.
Гарант елдердің Сирияда бәсеңдету аймақтарын құру туралы меморандумға қол қоюы кездесудің басты қорытындысы айналды, ол зорлық-зомбылықты тоқтатуға, осы елдің бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтап қалуға, сондай-ақ дауды саяси реттеуге бағытталған.
Қол қойылған құжатта Идлиб провинциясы және Латакия, Хама, Алеппо провинцияларының бір бөлігі, Хомстың солтүстігіндегі аймақ, Шығыс Гута, сондай-ақ Сирияның оңтүстігіндегі Дераа және Эль-Кунейтра провинциялары кірген төрт қауіпсіздік аймағының шекаралары шеңберінде дауласушы елдер арасындағы соғыс әрекеттері тоқтатылуы, авиацияны қоса алғанда, қарудың кез келген түрін пайдалануға тыйым салынуы, гуманитарлық көмек пен дәрі-дәрмектерді жеткізу қамтамасыз етілуі, халық мұқтаждығы, босқындардың өз еркімен және қауіпсіз оралуы үшін базалық инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін жағдайлар жасалуы тиіс екені жайында айтылған.
Сондай-ақ, келіссөздерге қатысушылар Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және үкіметке Астанада Сирия бойынша халықаралық кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.
Тараптар Астанада жоғары деңгейдегі келесі кездесуді 2017 жылғы шілдеде өткізуді шешіп, оған дейін екі апта бұрын Анкарада сарапшылар деңгейінде алдын ала консультациялар өткізу туралы келісті.
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары