- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери қызметтегі қыз-келіншектерге қайсар рух пен табандылық тән - Л.Губарева
Әскери қызметтегі қыз-келіншектерге қайсар рух пен табандылық тән - Л.Губарева
«Өмірімнің 12 жылын осы әскери қызметке арнадым. Ол университеттен басталған еді, ол кезде мен спортпен шұғылданып жүретінмін. Менің жаттықтырушым әскери бөлімге қыздарды іріктеу жүріп жатқанын естіп, маған әскери қызметші болуды ұсынды. Осылайша, университетті аяқтаған соң мен әскери қызметке шақырылдым. Кейін телефонист мамандығына оқыдым. Менің спортпен шұғылдануым әскери қызметте қажет болды. Әр түрлі сайыстарға және халықаралық сайыстарға қатыстым», - деді Л. Губарева.
Л. Губарева ҚР-ның биатлоннан спорт шебері, ҚР офицерлік үшсайыстан спорт шебері, 2015 жылғы «Достық жауынгері» халықаралық байқауының чемпионы, 2016 жылғы «Достық жауынгері» халықаралық байқауының қола жүлдегері және 2017 жылы ҚР ҚК-ның биатлоннан чемпионы .
«Қазір әскери парадқа қатыспақпын, мұнда 170 қыз-келіншек бар және бұл оңай іс емес. Барлығы тырысып жатыр. Біздің әскери қызметтегі қыз-келіншектерге қайсар рух пен табандылық тән екеніне үнемі көзім жетеді және осы төзімділікке таң қаламын, біз кез келген ауа райында күніне 6 сағаттан жаттығамыз», - деп бөлісті кіші сержант.
Сондай-ақ, ол барша қазақстандықтарды ҚР ҚК 25 жылдығымен және Жеңіс күнімен құттықтады.
«Барлық қазақстандықтарды ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығымен және Жеңіс күнімен құттықтаймын. Ашық аспан, отбасыларыңызға денсаулық, әрқашан жақсы көңіл-күй тілеймін. Өмірлеріңізде қуантатын сәттер көп болсын!», - деп құттықтады Л.Губарева.
Қайрат Жандыбаев
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар