Астанада жұмыс берушілер 8 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды

4 Мамыр, 2017 19:11
Халықты жұмыспен қамту орталығы 8 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынуда, деп хабарлады елорданың ресми сайты.

«Жыл басынан бері 5 188 адам Халықты жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындарын іздеп келген. Олардың 58 пайызы жұмыссыздықтан қорғау шараларымен қамтылды», - делінген хабарламада.  

Атап айтқанда, 1874 адам жұмысқа орналастырылған, оның ішінде 107-сі әлеуметтік жұмыс орындарына, 313 адам жастар практикасына жіберілді. Тағы 1028 адам уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді. 

Бүгінде Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына 1 023 жұмыс беруші 8 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынуда.

Барлық жаңалықтар