• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Жапония ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына қолдау көрсетті

Қазақстан мен Жапония ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына қолдау көрсетті

4 Мамыр, 2017 18:49
Вена қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың, Жапонияның Сыртқы істер министрі Фумио Кисиданың және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты Ұйымының Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербоның Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына (ЯСЖТШ) қолдау көрсету бойынша бірлескен мәлімдемесін қабылданды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, аталған үшжақты құжаттың қабылдану мәселесіне арналған пресс-брифинг барысында Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы Семей сынақ полигонын жабу туралы қабылданған тарихи маңызды шешімі басқа елдердегі сынақ полигондардағы ядролық сынақтардың тоқталуына әсер етіп, 1996 жылы ЯСЖТШ-ны қабылдауға негізін салғанын ерекше назар аударды.    

Қ. Сарыбай атап өткендей,  Елбасының  «Манифест. Әлем XXI ғасыр» атты бастамасының, сондай-ақ Ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі халықаралық күні мен «АТОМ» жобасының маңыздылығына және өзектілігіне ерекше.  

Қазақстан мен Жапонияның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының және ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысының бірлескен мәлімдемесінде ядролық қарусыз әлемді құруға жігерлеріне бейілділік, соның ішінде ЯСЖТШ жедел түрде күшіне енуі, Шарттың әмбебаптануы, сондай-ақ ядролық сынақтарды анықтау жөніндегі бақылау режимін күшейту аталып өтуде. Қазақстан мен Жапонияның ядролық қарудың апатты салдарын жеңу бойынша тәжірибесіне сүйене отырып, тараптар жоғарыда аталған жігерлерді жаңғыртуға және жандандыруға шақырды.

Барлық жаңалықтар