- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындығы
Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындығы
Оксана Волкова-Михальская 2011 жылдан бастап «Әйел сәулесі» ҚБ жетекшісі болып жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында ол балалармен, әйелдермен, отбасылармен жұмыс істеуге бағытталған, энерготиімді және су үнемдейтін технологиялармен байланысты 12-ден астам ірі жобаны жүзеге асырды. «Жасыл» экономика аясында «Ақмола облысындағы энерготиімді технологияларды таныстыру» желілік жобасын жүзеге асырды.
ҚХА XXV сессиясы барысында О. Волкова-Михальская ҚР Президенті мен оның қатысушыларына Ақмола облысы Арнасай ауылындағы «жасыл» жоба туралы айтып берді.
«Арнасай – Астана қаласына жақын орналасқан ауыл. Онда 11 ұлттың 1200 адамы тұрады. Арнасай олар үшін - кіші отан. Кез келген ауылда аса маңызды үш мәселе бар – ауыз су, жылу және жарық! «Жасыл» жоба аясында жарық мәселесі 100 пайызға шешілді. Біз қайтарымсыз шаруаларға тамшылатып суару, агроталшық және гидрогель жүйесін бердік. Бұл шаруа қожалықтарының 60%-на заманауи агротехнологияларды енгізуге мүмкіндік», - деп түсіндірді ол.
Спикер атап өткендей, жергілікті мектепке күн батареясы, коллекторлар, пиролизді пештер, жарық диодты шамдар, суды тазартатын арнайы құрылғылар орнатылды.
«Нәтижесінде мектеп жылына 3 млн теңге бюджеттік қаржыны үнемдеді. Бастысы ауылда «Жасыл» технология орталығы құрылды. Мұнда біз 35 экологиялық инновацияларды енгізу бойынша оқытамыз. Бір жылда еліміздің барлық аймақтарынан келген 5 000-нан астам адам жасыл технологияны қолдану ережелерін меңгерді. Ал, осы жазда «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде «EXPO-CAMP» халықаралық жастар лагері ашылады», - деп хабарлады О. Волкова-Михальская.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру