- Басты
- Жаңалықтар
- БҰҰ штаб-пәтерінде тиімді мемлекеттік басқару қағидаттары талқыланды
БҰҰ штаб-пәтерінде тиімді мемлекеттік басқару қағидаттары талқыланды

Сессия барысында әлемнің жетекші сарапшылары институционалды көшбасшылықты дамыту жолдары мен тиімді басқару қағидаттарын талқылады. Сонымен бірге Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру және жергілікті билік органдарына қолдау көрсету мәселелерін қарастырды.
«Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жолында тиімді мемлекеттік басқару, әріптестік және инклюзивтік ұғымдарының біріктіруші факторлары - құрмет пен түсіністік. Ең алдымен, бұл – азаматтардың құқығы пен абыройын, мүддесі мен мүмкіндіктерін құрметтеу әрі түсіну», - деді А.Байменов.
Сонымен қатар, сессия барысында тұрақты даму мақсаттарына жету үшін тиімді жұмыс істейтін, жеткілікті қаржылай және адами ресурстарға ие мемлекеттік мекемелер түріндегі елеулі әлеует қажет етілетіндігі айтылды. Қатысушылар тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда мемекеттік мекемелердің аймақтық және аймақаралық әріптестігінің маңыздылығын атап өтті.
Сарапшылар Комитеті сессия қорытындысы бойынша мемлекеттерге тұрақты даму мақсаттарына жетуде мемлекеттік басқаруды жақсартуға қатысты өз кеңестерін даярлады.
Сапар ауқымында Алихан Байменов БҰҰ Бас хатшысының Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша Уәкілі Хорхе Чедиек және ЭЫДҰ мемлекеттік басқару мен аумақтық даму бойынша департамент директоры Рольф Альтермен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты дамыту және ортақ бастамаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.
Қайрат Жандыбаев
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары