• Басты
  • ҚХА: Президенттің мақаласын түсіндіру үшін өңірлік топтар құрылсын

ҚХА: Президенттің мақаласын түсіндіру үшін өңірлік топтар құрылсын

4 Мамыр, 2017 12:54
Мемлекет басшысының мақаласын түсіндіру мақсатында өңірлерге бару үшін арнайы топтар құру қажет, деп өз пікірін білдірді ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің сараптамалық кездесуінде.

Кездесудің мақсаты – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын және ҚХА XXV сессиясында қойылған міндеттерді талқылау.

«2010 жылды еске алсақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері алдында Президент басталған қаржы экономикалық дағдарыс – бұл АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстың себебі емес, ең алдымен адам санасының, оның рухани, адамгершілік бастамаларының дағдарысы деп ашық айтқан болатын. «Мәңгілік ел» президенттік тұжырымдамасының өзі біздің дүниетанымдық ұғымымыздың шұғыл қатысуын талап еткен бастапқы құжат болып табылады», - деп атап өтті А. Башмаков.   

Оның айтуынша, Президент қол қойған еліміздің барлық басты құжаттары адамгершілік сипаттағы жарғылар болып табылады.

«Мен үшін Президенттің мақаласы – саяси-рухани манифест, біздің қоғамымыздың өзіндік адамгершілік бағдары. Бұл біздің әлеуметтік өміріміздегі жаңа бұрылыстарды талап еткен құжат. Мен неліктен оны ең маңызды міндет деп санаймын? Кешегі күні біз Президент Әкімшілігіне шақырылған едік және онда осы мәселелерді талқыладық. Мен патриоттық сезімді дамытумен айналысатын топқа кіремін. Бұл базалық кіші топ болады», - деді спикер.

Сондай-ақ, ол өңірлерге шығуы тиіс арнайы түсіндіру топтарын құруды ұсынды. 

«Өңірлерде мұндай кездесулерді кім жүргізеді? Ішкі және рухани дүниесі бай, жүрекпен айтылған қарапайым сөздерді адамға жеткізе алатын адамдарды жинау керек. Кездесу осыған арналған болатын», - деп түсіндірді Анатолий Башмаков. 

Кездесу онлайн режимде өткенін айта кеткен жөн, ҚХА-ның Алматыдағы, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы өкілдері тікелей эфирге қосылған болатын.  

Кездесуді ұйымдастырушы – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының орталық-азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығы.

Ақбота Күзекбай   

Барлық жаңалықтар