- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанды жаңартатын, бірлікті нығайтатын алып күш боламыз – Саида Бекбуди
Қазақстанды жаңартатын, бірлікті нығайтатын алып күш боламыз – Саида Бекбуди
Құрметті сессияға қатысушылар!
Жастарды индустрияға бастаған «Серпін – 2050» бағдарламасы – оңтүстік пен солтүстікті жалғаған ұлы көш.
«Серпін» бағдарламасы - халқы қалың, жұмыс орны тапшы облыстардың жастары үшін үлкен мүмкіндік.
Бүгінде, бұл бағдарлама бойынша солтүстік және орталық аймақтардың 22 университеті мен 54 колледжінде, 5 облыстан 13 этностың өкілі, 12 мыңға жуық жастар білім алып жатыр.
Аса құрметті Елбасы!
Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында, Қазақ елінің екі басын жалғаған, «Қызылорда – Петропавл» бағытында жүретін пойыз шықты. Тұрғындар оны «Құда-құдағи пойызы» деп атап кетті.
Бүгінде «Серпіндік» жігіттер солтүстіктің қыздарына құда түссе, серпіндік қыздар – солтүстік жігіттерінің арманына айналды. Бас қосқан бірнеше жұптар да бар.
Бұл жағынан да еліміздің бірлігі нығайып жатыр.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Расын айтқанда, бастапқыда сәл қиын болды. Солтүстіктің қысы қатал екен. Бірақ, бізді білім алу жолындағы жастық жалынымыз жылытты.
Білген орысшамыз кейде жетпей жатты. Алайда серпіндіктер – жаңа жағдайларға тез бейімделгіш зерек жастар. Біз орыс тілін де игердік. Ағылшын тілін меңгеріп жатырмыз. Жергілікті жастарды қазақ тіліне үйретудеміз. Осылайша, біз, Сіз армандайтын үш тілді жетік меңгергендердің қатарын толықтырып келеміз.
Құрметті сессияға қатысушылар!
Елбасының бастамасымен, биыл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы іске қосылды.
Бұл - 21 мыңнан астам жастардың тегін кәсіби-техникалық білім алуына мүмкіндік береді.
Құрметті Елбасы!
Осындай мүмкіндік үшін, барлық Қазақстан жастары атынан, Сізге шексіз алғыс айтуға рұқсат етіңіз!
Біз, Сіз басқарып отырған Ассамблеяның жаңа толқынымыз.
Сіз жариялаған рухани жаңғыру бағдарламасы – ол біздің, ХХІ ғасыр жастарының бағдарламасы. Оны іске асыратын да біз.
Сондықтан біз, Қазақстанды жаңартатын, қанатын кеңейтетін, жетістігін еселейтін, бірлікті нығайтатын - алып күш боламыз деп СӨЗ БЕРЕМІЗ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді