- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 30 жоба іске асырылады
Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 30 жоба іске асырылады
Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы жылдары мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі арқылы 30 жоба жүзеге асырылмақ. Оның 6-ның бүгінге дейін жеке әріптесі анықталса, қалған 24 жоба аясында тиісті құжаттар әзірленуде.
Жобалардың басым бөлігі білім саласына қатысты. Мәселен, салаға қатысты 17 жобаның 11-і балабақша, 2-уі сауықтыру лагері, 1-уі мектеп, 1-уі мектеп-интернат, 1-уі туристер станциясы болса, тағы 1-уі өнер мектебі. Ал медицина саласына қатысты 5 емхана салу мен «Шымкент қаласындағы жедел жәрдем станциясын жаңарту» жобалары және 7 спорт кешенін салу күн тәртібінде тұрған іс.
Балабақшалардың басым бөлігі, яғни 4 мектепке дейінгі мекеме Сайрам ауданынан бой көтерсе, Түркістан, Кентау, Арыс, Шымкент қалалары мен Сарыағаш, Бәйдібек, Отырар, Түлкібас ауданында да бүлдіршіндерге арналған 75, 100, 240, 280, 320 орындық балабақшалар салынады деп күтілуде.
Спортқа қатысты нысандарды Төлеби (2), Шымкент (2), Бәйдібек (2) және Түлкібас (1) аудандарынан пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал емханалар құрылысы Мақтаарал, Сайрам аудандары мен Кентау және Шымкент шаһарында жүргізілмек.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты