- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин Әзербайжанмен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті
Н.Нығматулин Әзербайжанмен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті
Бұл Маммадов мырзаның елшілік қызметке тағайындалғаннан кейінгі алғашқы кездесуі. Бұған дейін елші Ақтау қаласындағы Бас консулдықта 7 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.
Тараптар атап өткендей, ағымдағы жылдың сәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжан Республикасына ресми сапары қос мемлекеттің екіжақты стратегиялық қарым-қатынасына серпін берді. Сондай-ақ, сапар барысында қабылданған екі ел Президенттерінің Бірлескен декларациясы көпжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен басымдықтарын нақтылауға жол ашты.
Н. Нығматулин атап өткендей, Әзербайжан Қазақстан үшін етене әріптес ғана емес, бауырлас ел және тату көрші. Сондықтан Қазақстан аталған елмен барлық салада ықпалдастықты нығайтуға айрықша көңіл бөледі.
Осы ретте Мәжіліс Төрағасы бауырлас елдердің өзара әріптестігін тереңдетуге ықпал ететін маңызды шараларды алға тарта келіп, екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толуын және Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технология жөніндегі алғашқы саммитін, сонымен бірге, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қызу дайындық жүргізіп жатқанын баса атап өтті.
Тараптар екі елде де жүргізілген конституциялық реформалардың маңыздылығына тоқталып, одан әрі парламентаралық байланысты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі