• Басты
  • Қазақстанда алғаш рет жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді

Қазақстанда алғаш рет жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді

4 Мамыр, 2017 13:47
Қазақстанда Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы 12 мамырда өтеді, деп хабарлады Р Білім және ғылым министрлігі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі алғаш рет ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күнін жариялады. Бұл шара заманауи мектептердің жай-күйін танып-біліп, ондағы шәкірттердің қалай біліп алып жатқандарына бейжай қарамайтын қазақстандық әр отбасыны айналып өтпеуі қажет-ақ.

«Ата-аналардың көбісінің мектеп жиналыстарына қатыспайтыны жасырын емес. Бұл, өз кезегінде, ата-аналардың балаларының болашағына немқұрайлы қарауына әкеп соқтырып жатады. Сол себепті де ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы күніне барынша мән-мағына беріп, бұл күні барлық ата-ана жаппай мектептерге келіп, балаларының сыныптарын аралап, олардың қалай сабақ өтіп жатқандарын өз көздерімен көріп, сынып етекшілерімен, мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікірлесулеріне жағдай жасауға тырысып отырмыз», - деп түсіндірілген ведомстводан.

Бүгінде қазақстандық білім жүйесінде көптеген өзгеріс бар. Еліміздің барлық қаласы мен ауылдарында бір мезгілде өткізілетін шара барысында осы мәселелер туралы сөз болады. Осыған орай балалардың сапалы біліп алып, олардың бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болулары үшін жаңартылған мазмұн енгізіліп, еліміздің мұғалімдері педагогтардың біліктіліктерін арттыру бағдарламасы аясында жаппай оқытылып жатыр. 

«Құрметті ата-аналар, бұл күні сіздер өз еріктеріңізбен мектеп кітапханаларына көмек қолын созуларыңызға да болады. Оқуға пайдалы деген кітаптарыңызды өздеріңізбен бірге әкеліп, мектеп кітапханаларына өткізсеңіздер, бұл да бір жарқын іс болары сөзсіз. Өйткені, бұл жерде сіз бен біздің балаларымыздың білімі мен болашағы тұрғанын ұмытпайық!», - деп үндеу тастады БҒМ. 

Барлық жаңалықтар