- Басты
- Жаңалықтар
- Біздің әскер жауынгерлік дайындық мәселелерінде үлкен жетістіктерге жетті – М.Құсайынов
Біздің әскер жауынгерлік дайындық мәселелерінде үлкен жетістіктерге жетті – М.Құсайынов

«Құрметті қазақстандықтар! Біз ерекше күнге жақындадық – Қазақстанның Қарулы күштерінің құрылғанына 25-жыл толды. Құрылу кезеңі – аса маңызды кезең аяқталды. Бастыпқыда ол оңай болмады. Алайда жаңа әскерді құрған жандардың арқасында Қарулы күштер күн сайын күшейіп, өсті», - деді М. Құсайынов.
Генерал-майор атап өткендей, бүгінде әскер жауынгерлік дайындық, жауынгерлік тәртіп, еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде үлкен жетістіктерге жетті. Осы ретте, «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы - Қазақстанның Қарулы күштеріндегі ең ірі әскери құрылым әскердің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлесін қоса білді.
«Президенттің «Қарулы күштердің қайта құрылуы Оңтүстік әскери округтен басталады» деген сөздері біздің аймақтық қолбасшылықтың әскерилерін жігерлендіре түсті. Көптеген ауқымды жаттығуларды, оның ішінде халықаралық жаттығуларда «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы жоғары деңгейдегі кәсіби біліктілікті көрсете білді және Қазақстанның Қарулы күштерінің қатарында өзіне лайықты орынды иеленді», - деп атап өтті М. Құсайынов.
Сонымен қатар, ол қазақстандық әскер өзінің 25-жылдық мерейтойын қорғаныс саласында қалыптасқан, сенімді құрылым ретінде қарсы алып отырғанын баса айтты.
«Отан қорғаушылар күні Жеңіс күні қарсаңында аталып өтетіні өте қуанышты жағдай. Соғыс туралы естеліктер ұрпақтар сабақтастығын көрсетіп отыр және біз сол сұм соғыста қанмен келген Отанымыздың егемендігін бағалап, жауынгерлерге құрмет көррсетуіміз керек. Бүгінде Отан қорғаушылар күніне бізбен бірге бүкіл ел дайындалуда. «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы құрамының атынан Қазақстанның Қарулы күштерінің 25-жылдығымен тұспа тұс келген Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймын», - деп құттықтады М. Құсайынов.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі