- Басты
- Жаңалықтар
- ҰОС ардагерлерін әлеуметтік қолдауға 1 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды
ҰОС ардагерлерін әлеуметтік қолдауға 1 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды
Сонымен, министрліктің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың басынан бері, жергілікті бюджет қаржысы есебінен және демеушілік көмек есебінен ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік жәрдем жасауға 1 млрд 97 млн теңге қарастырылды (жергілікті бюджет - 971,3 млн теңге, демеушілік қаржы - 125,7 млн теңге).
Осы күнге дейін 838,2 млн теңге сомасында 39,1 мың біржолғы материалдық көмек берілді; 8,2 мың ардагерге 205,9 млн теңгеге коммуналдық қызметтер төленді; 52 ардагер 821,3 мың теңгеде жанармаймен қамтамасыз етілді; 56,2 мың ардагер 296,4 млн теңгеге тең жеңілдікке ие дәрі-дәрмекмен қамтылды; 476 ардагерге 11,8 млн теңгеге тіс протезі салынды; 5,8 мың ардагер 30,6 млн теңгеге қалалық және облыстық қатынас жолдарында жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру мүмкіндігін иеленді; 4,9 мың ардагер 16,1 млн теңгеге мерзімді басылымдарға жазылды.
6,7 мың ардагер 226,5 млн теңгеге көмектің басқа да түрлерін алды (әлеуметтік такси, шаштараз, монша, кабельдік телевидение қосу және өзге де).
Айта кетерлік жайт, жыл сайын зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мөлшері өсіп келеді.
«2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ҰОС қатысқандарға әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері – 114 655 теңгені; ҰОС ардагерлеріне – 118 499 теңгені; ҰОС қатысқандарға теңестірілген тұлғаларға – 109 176 теңгені; ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 81 798 теңгені; ҰОС жылдарында тылда еңбектенген тұлғаларға – 71 637 теңгені құрады», - делінген хабарламада.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды