- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Өзбекстан аграрлық секторда байланыстарын нығайтуда
Қазақстан мен Өзбекстан аграрлық секторда байланыстарын нығайтуда
Қашқадария облысының әкімі Зафар Рузиевпен кездесу барысында бірлескен кәсіпорындарды құру перспективалары, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Е. Өтембаев Қазақстанда шетел инвесторлары үшін қолданылатын кооперациялық байланыстарды дамытуға арналған жобалар мен жеңілдіктер туралы өзбек тарапына хабардар етті. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде Өзбекстанның дайын өнімдерін өткізу жолдарын талқыға салды. Қазақстанның Елшісі Өзбекстандағы аграрийлердің жинаған тәжірибесін назарға ала отырып, бірлескен жобаларды өткізу үшін барлық жағдайлармен қамтамасыз етілетін бірлескен аграрлық индустриалды мамандандырылған экономикалық аймағын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Қашқадария облысына сапары барысында Қазақстанның Елшісі «Sanam» мен «LT-Textile International» тігін кәсіпорындарын, арнайы киім мен аяқ киімді шығарытын «Premium Capital Group» ЖШҚ кәсіпорынды, «Qashqadaryo Dori-Darmon» АҚ фармацевтикалық компаниясын, «Nishon Qusgu» фермер шаруашылығын және т.б. кәсіпорындардың қызметтерімен танысты.
Сырдария облысына жұмыс сапары барысында Е. Өтембаев хоким Гофуржон Мирзаевпен, облыстық хокимияттың кәсіпкерлік және сыртқы байланыстар департаменттерінің басшыларымен, Сауда-өнеркәсіп палатасының облыстық басшылығымен келіссөздер өткізді
Е. Өтембаев біріккен агроөнеркәсіп кластерді құру, екі елөндіретін кәсіпорындар мен фермер шаруашылықтары арасындағы кооперацияны кеңейтуді, сондай-ақ облыстың Қазақстанға географиялық жақындығын ескере отырып, екі ел кәсіпорындары арасындағы өңіраралық өзара әрекеттесудің кеңейтуін көздейтін Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара экономикалық әрекеттесудің кең келешектерін атап өтті.
Сонымен қатар, елші Сырдария облысының «Sirdarya Best Fashion» және «Gul-Ren Textile» тігін компанияларын, «Fortuna Textile» тоқыма компаниясын және «Джизак» Арнайы экономикалық аймағының бөлімшесінінің құрамына енген көпбейінді өзбек-қытай «Peng Sheng Co., Ltd» ЖШҚ БК кәсіпорындарымен танысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды