Қазпошта Қазақстанда 3D-баспасы бағытын дамытуда

4 Мамыр, 2017 09:13
Қазпоштаның Алматы қаласындағы орталығында 3D-зертханасы ашылды, деп хабарлады Қазпошта.

Зертхананы таныстыру шарасына «Қазпошта» АҚ инновациялар және ақпараттық технологиялар жөніндегі директор Нариман Мукушев, деректерді басқару департаментінің директоры Бахтияр Мұхаметқалиев, Suleyman Demirel University оқу ісі жөніндегі бірінші проректоры Салтанат Әмірғалиева, компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Мәдина Алиманова, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Мақсат Мусабеков,   корпоративтік даму менеджері Махмут Томанов қатысты.

«3D-баспа - бұл, сөзсіз, қазіргі кезде медицина, құрылыс, жобалау және т.б. салалардағы қарқынды дамып келе жатқан революциялық технология. Қазақстанда бұл технологияны дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, біз бүгін 3D-баспа зертханасын Қазпоштада аштық», - деді Нариман Мукушев.

Қазпоштаның мәліметі бойынша 3D-зертханасы Suleyman Demirel University-нің қатысуымен ашылды. Университет студенттерінің 3D-зертхана базасында жаңа технологияларды сынап өз жобаларын ақшаға айналдыру мүмкіндігі бар.

Олар виртуалды 3D-моделдердің негізінде 3D-принтердің көмегімен көлемді заттарды басып шығара алады. Жәй қағаз парағын басып шығаратын дәстүрлі принтерге қарағанда, 3D-принтер үш өлшемді ақпаратты көрсетуге, белгілі бір физикалық объектілерді жасауға  мүмкіндік береді.

3D-зертхананың негізгі бағыттары:

Қазақ тілінде Брайль шрифтімен кітаптар шығару;
Кәдесыйлар, брелоктар, ойыншықтар, оправалар және т.б. заттарды басып шығару;
Клиенттердің 3D-модельдерін басып шығару.

«Біздің зертхананың қызметтерін еліміздің әрбір азаматы қолдана алады. Ол үшін сайтқа кіріп, қажетті модельдің үлгісін таңдап оны басып шығаруға тапсырыс жіберу қажет. Басып шығарылған моделді Қазпошта қызметкерлері өтінімде көрсетілген мекен-жай бойынша жібереді», - деп Қазпоштадан түсіндірді.

Сайтта көрсетілген үлгілерден басқа 3D-моделдің нұсқасын немесе жай ғана суретті жіберуге болады. Олардың негізінде студенттер үш өлшемді моделін құрып тапсырысты орындайды. 3D-модельдердің құны клиенттер тапсырыс берген кезде есептелетін болады.

Барлық жаңалықтар