- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЭКСПО кезінде өтетін шаралардың 70%-ын бизнесмендер қаржыландырады
Астанада ЭКСПО кезінде өтетін шаралардың 70%-ын бизнесмендер қаржыландырады
Маусымның 9-нан қыркүйек айының ортасына дейін түрлі форматтағы 647 мәдени-бұқаралық шара ұйымдастырылады: халықтық серуен, мәдени-бұқаралық, отбасылық демалыс, фестивальдер, көрмелер, театрландырылған және цирк қойылымдары және т.б. Мәдни шаралардың 70% ашық алаңдарда және саябақтарда, тұрғын үй алаптарында өтеді.
«ЭКСПО» көрмесінің ресми ашылу және жабылу салтанатын қаланың үш ауданында тікелей эфирден тамашалауға болады үлкен LED экрандар «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда, қалалық алаңда және Студенттік саябақта орнатылады.
«Астана қаласының әкімдігі Александр Масляковтың қатысуымен КВН халықаралық жазғы кубогын, «Барыс Арена» стадионында Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко мен мәнерлеп сырғанаудың басқа да жұлдыздарының кешін, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен музыка өнеріне қосқан үлесі үшін наградалар табыстаумен «Astana Dausy» халықаралық музыка фестивалін ұйымдастыруға мұрындық болды», - деді Б. Мажағұлов.
Сонымен қатар, сулы-жасыл желекте ІІ Astana Art Fest халықаралық фестивалі ұйымдастырылады. Екі жылдың ішінде фестивальға әлемнің 10 мемлекетінен 78 суретші қатысты.
«Демалыс күндері тұрғын алаптарында қазақстандық артистер мен елорданың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Думанды Сарыарқа» концерті өтеді», - деп атап өтті басқарма басшысы.
Бұдан басқа, жазда «Астана жұлдызы» ұлттық кәсіби музыкалық сыйлығын табыстау салтанаты өтеді. Шараға отандық эстраданың танымал өкілдері қатысады, және «Үздік жыл орындаушысы» анықталады.
Айта кетейік, барлық концерттерге билеттер қаланың кассаларында және www.koncertyastany.kz сайтында сатылады. Ал, Астанада «ЭКСПО» халықаралық көрмесі барысында өткізілетін шаралар туралы толық ақпарат кестемен бірге www.astanaday.kz сайтында жарияланады.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Шомылу маусымы кезіндегі қауіп-қатер мен өрт қаупін алдын алу шаралары -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
Шомылу маусымы кезінде нені ескеру керек -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі