• Басты
  • ҚР БҒМ жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру бойынша жобаны іске қосады

ҚР БҒМ жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру бойынша жобаны іске қосады

3 Мамыр, 2017 18:52
Астанада Қазақстан Республикасында «Абилимпикс», «Deafskills» чемпионаттарын қолдау және дамыту бойынша бірлескен ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР БҒМ.

Меморандумға қол қоюға  ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, «Абилимпикс» мүгедек жандарға кәсіптік бағдар көрсетуге және жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша автономды коммерциялық емес ұйым Президенті  Лидия Фролова, «Deafskills» Халықаралық ассоциациясының Президенті Станислав Иванов қатысты.

Аталып өткендей, экономикалық дамудың жаңа моделін құру жолын таңдаған Қазақстан экономикасы үдемелі экономикалық жаңғыру мен индустриялық даму міндеттеріне байланысты жаңа форматтағы жоғары білікті мамандарға мұқтаж. Осы талаптар орындалу үшін Үкімет көптеген реформаларды жүзге асыруда. Қазақстанда кәсіби білім беру жүйесінің жұмысы да өзгеруде – жұмысшы мамандықтарын тегін алу мүмкіндіктері кеңейтілді. Басқа елдермен ынтымақтастық кеңейтіліп, бастапқы әлемдік тәжірибелер енгізіліп жатыр.

Жұмысшы мамандықтарының дәрежесін жоғарылату бойынша жастар арасында кең көлемді жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдан бастап Қазақстан Абилимпикс, Deafskills және ZhasSkills жобаларын бірлестіруші жаңа WORLDSKILLS әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Енді жобаға жұмысшы жастар, колледж студенттерінен бөлек 10 мен 15 жас аралығындағы оқушылар да қатыса алатын болды. Жарыстарға ерекше талаптармен (мүгедектер және саңыраулар) студенттер мен оқушылар қатысады.

Қазақстан «Абилимпикс» мүгедек жандарға кәсіптік бағдар көрсетуге және жұмысқа орналастыруға қолдау және «Deafskills» Халықаралық ассоциациясы ұйымдарымен ынтымақтастыққа енуде.

«Бүгінгі меморандумды бекіту – осындай ынтымақтастықты нығайтудың нышаны. Қазақстан техникалық және кәсіптік білім саласында халықаралық ұйымдардан қолдау табуда. Осындай бірлескен жұмыстың арқасында Абилимпикс және DeafSkills қозғалыстарын Қазақстанда дамыта аламыз», - деп атап өтті ведомстводан.

Меморандумға қол қою Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен мақұлданған Абилимпикс және DeafSkills қозғалыстарына енуге негіз болды.

Меморандумды жүзеге асыру есту қабілеті нашар және мүгедек жандар үшін техникалық және кәсіптік білім бағдарламаларының қолжетімділігі мен олардың кәсіби тәуелсіздігін жоғарылатуға, сондай-ақ, олардың кәсіби дағдыларын, мансаптарының жақсаруына, қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысуға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар