Қысқы спорт түрлері бойынша бас жаттықтырушылар марапатталды (ФОТО)

3 Мамыр, 2017 18:21
ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қысқы спорт түрлері бойынша бас жаттықтырушылармен кездесті.

Ведомство басшысы бас жаттықтырушыларды алғыс хатпен марапаттады.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің ұлттық құрамасы студенттер арасындағы халықаралық ойындарда жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.

«Мен қысқы спорт түрлері бойынша бас жаттықтырушылардың еліміздің жеңісіне қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді. Біздің спортшыларымыздың жетістігі сіздердің қажырлы еңбектеріңізді нәтижесі», - деп атап өтті министр.

Фото Арман Мұхатов

Барлық жаңалықтар