• Басты
  • Әлемге ортақ рухани игілікке жүрегіміз ашық - Жүрсін Ерман
3 Мамыр, 2017 14:32

Әлемге ортақ рухани игілікке жүрегіміз ашық - Жүрсін Ерман

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақала жарыққа шыққанға дейінгі қазақ ұлтының көңіл ауаны бір бөлек, жарыққа шыққаннан кейінгі көңіл күйі бір бөлек дер едім, деп ағынан жарылды ақын Жүрсін Ерман Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында.
Әлемге ортақ рухани игілікке жүрегіміз ашық - Жүрсін Ерман | Strategy2050.kz

«Қазақ қоғамының осындай бір түбегейлі өзгеріске зәру екенін    әрқайсымыздың    ішіміз  сезуші   еді.          Осындай бір сілкіністі, серпілісті күтетін сияқты едік. Бұл аса күрделі де көреген бағдарлама күткенімізден де асып түсті.  Құрметті Елбасы, рухани жаңғырудың, қазақ қауымын түлетудің барлық кешенді шараларын Сіз соқырға таяқ ұстатқандай анықтап, қолымызға шырағдан жағып бердіңіз. Бүкіл зиялы қауым осы мақаладағы озық идеяларды қолдап, қоштап отыр деп нық сеніммен айта аламын», - деді сөз басында ақын Жүрсін Ерман.

Ж.Ерман атап өткендей, мақалада тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы шешімін таппай келе жатқан ең күрделі мәселе осы рухани жаңғыру болса, елімізді, халқымызды, ұлтымызды рухани азаттыққа бастаудың жолы көрсетіліп отыр.

«Енді, осы сындарлы шақта төңірегіңізден табылып, Сізге қолдау көрсету - ұлттың зиялы қауымына да сын. Рухани жаңғыру үшін ұлттық кодыңды сақтай біл депсіз. Бұл – ұлт жанашырларының жүрегіне жететін сөз. Ұрпақтан  ұрпаққа үзілмей келе жатқан  тектілігімізге табыну, намысымызды ояту, ұлттық қадір-қасиетімізге жүгіну деген сөз. Көк түріктердің қара шаңырағында отырған текті халық өзінің «тамырында бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерін қайта түлетуге» құлшынатын шақ – осы! Осы тұста бір сілкінбесек, бір серпілмесек, халықтығымызға да, елдігімізге де сын», - деп баса айтты ақын.  

Сонымен қатар, қара сөзден өлең өрген ақын Елбасының өз мақаласында көтерген бірқатар бастамаларын қолдайтынын атап өтті.

«Латын әліпбиіне көшу туралы шешімді біз толық қолдаймыз.  Мемлекетіміздің тәжірибесінде бұрын да болған латын әліпбиі өркениет әлеміндегі бағдарымызды түбегейлі өзгертетінін көріп-біліп отырмыз. Сексен жыл серігіміз болған кириллицада қағазға түскен мыңдаған мыңдаған әдеби шығарманың ең халыққа қажеттісі ғана кәдеге жарайды. Ұлт мүддесіне жарайтындары ғана көшке ілеседі. Бұл табиғи сұрыптау емес пе! Кириллицаға бауыр басып қалған кертартпалар орыс мәдениетінен көз жазып қаламыз деп уайымдамай-ақ қойсын. Тарихи тағдырлас көршіміздің, орыс елінің Пушкин, Толстой мен Тургенев, Есенин мен Евтушенко секілді алыптары жасаған мәңгілік мәдениет біздің руханиятымыз үшін ешқашан бөтен болмайды. Ең бастысы – әлемге ортақ рухани игілікке жүрегіміз ашық.

Сіз ұсынған «Туған жер» бағдарламасы да бізді енжар қалдыра алмайды. Кіндік қанымыз тамған жердің көне тарихын тереңдете жаңаша зерделеу, оның бүгінгі мәдениеті мен салт-дәстүріне атсалысу арқылы біздің әр қайсымыз бабалар алдындағы перзенттік парызымызды өтеуге үлес қосуымыз керек. Ауылға - аламын деп, ат мініп, шапан киеміз деп баруды доғаратын кез жетті. Ат жалын тартып мінген шақта ауылыма не септігім тиеді деп ойланбасақ құр санатта болып, саннан табылғанның несі сән?

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» дегенде, бүгінгі заманның жас ұрпағына үлгі етіп ұсынар елдің ерлері, ұлттың ұстындары анықталар құндылықтардың орны белгіленер деп отырмыз», - деді Ж.Ерман. 

«Елбасымыз ұлт болып ұйысудың сара жолын сілтеп отыр. Ендігі жерде соны жүзеге асыру елдікке де сын, ерлікке де серт. Ендеше, білек сыбанып іске  кірісейік», -  деп сөз соңында Жүрсін Ерман халықты мемлекет басшысының бастамаларына қолдау көрсетуге шақырды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды