МӘМС енгізуге меморгандар мен халық дайын болуы керек – Н.Нығматулин

3 Мамыр, 2017 12:19
ХҚКО-да азаматтарды тіркеудің жаңа ережесін енгізу барысында туындаған келеңсіз жайттардың қайталанбауын болдырмас үшін барлық тәуекелдерді қарастыру керек, деп хабарлады Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен өткен Палатаның пленарлы отырысында.

Н. Нығматулин еске салып өткендей, ХҚКО-да жыл басында азаматтарды тіркеудің жаңа ережесін енгізу барысында туындаған келеңсіз жайттардың қайталанбауын болдырмас үшін барлық тәуекелдерді қарастыру керек.

«Осы ретте, «Азаматтар үшін үкіметті», әкімдік, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры бірлесіп жұмысын бір жүйеге келтіруі және халықта жаңа жүйенің енгізілуіне дайын болуы керек. Және де бұл жұмысты бірінші кезекте медицина жұмысшысынан бастаған жөн. Заңжобасы дұрыс. Бастысы оны нақты жүзеге асыруда. Тіркеу барысындағы шу қайталанбауы керек», - деді төменгі Палатаның спикері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі көпбалалы аналар МӘМС жүйесіне қалай тіркеле алатыны жайлы айтып берген болатын.  

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар