• Басты
  • Талдықорғанға тұңғыш рет табиғи газ келді
3 Мамыр, 2017 13:46

Талдықорғанға тұңғыш рет табиғи газ келді

«Талдықорған» автоматтандырылған газ бөлу станциясы мен 264 шақырымдық «Алматы - Талдықорған» магистралды газ құбыры іске қосылды, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.
Талдықорғанға тұңғыш рет табиғи газ келді | Strategy2050.kz

Алдын ала жоспарланғандай, АГБС-та жағылған алаумен облыс орталығына сәуірдің соңында газ беру тарихи сәті басталды.

«Алматы - Талдықорған» газ құбыры мен автоматтандырылған газ бөлу станциясының құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүргізіліп, жұмыс барысы облыс әкімі А. Баталовтың тікелей бақылауында болды. Табиғи газды тұтынушыға неғұрлым жылдам жеткізу үшін Талдықорғанда бүгінгі күні газбен қамту желілерін орнату жұмыстары қатар жүргізілуде. Қазіргі кезде алғашқы 10 үй көгілдір отынның игілігін көре бастады. Тағы 100 тұрғын үй газға қосылуға дайын және бұл көрсеткіш күннен күнге артып келеді. Экономикалық және экологиялық тиімді бұл отын түрі ендігі жерде тұрғындарды көмір мен отынға тәуелділіктен құтқарып, тұрмысқа қолайлы жағдай туғызбақ.

Талдықорған қаласы Ақбастау көшесінің тұрғыны Гауһар Ыдырысова -алғашқы болып табиғи газға қосылған үй иелерінің бірі.  

«Алматы - Талдықорған» магистралды газ құбыры өңірдің ең ірі әрі аса маңызды әлеуметтік жобаларының бірі. Оны жүзеге асыруға 21,4 млрд. теңге бөлінген. Магистралды газ құбыры облыс орталығын қосқанда жалпы 410 мың тұрғыны бар 3 қала мен 6 ауданды көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Алматы облысын газдандыру Республикалық газдандыру жүйесінің шеңберінде жүргізілуде. Өңірде барлығы 741 елді мекенде 2 млн. халық тұрса, соның 1,4 млн. халық тұратын 473 елді мекені газдандыруға жатады. Мәселен, 2014 жылы облысты газдандыру деңгейі 73 елді мекенді қамтып, 14 % құраса, бүгінгі күні 108 елді мекенге жеткізіліп, 23 %-ға көтерілді. Биылғы жылы бұл көрсеткішті 26 %-ға жеткізіп, 123 елді мекенді газбен қамту жоспарланған. Осы мақсатта бюджет қаржысымен қоса жеке инвестиция да тартылуда. Жалпы Жетісу өңірінде тұрғындарының саны 1,4 млн. адам болатын  9 аудан – Жамбыл, Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов, Көксу, Ескелді және 3 қала – Талдықорған, Текелі, Қапшағай газдандырылып жатыр. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды