Қазақстандағы инфляция 2,7% құрады

3 Мамыр, 2017 11:17
2017 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстандағы инфляция 2,7% құрады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.

Азық-түлік тауарларының бағалары ағымдағы жылғы төрт айда (2016 ж. желтоқсан - 2017 ж. сәуір) 3,8%-ға, азық-түлік емес тауарларға және ақылы қызметтерге – 2,1%-дан өсті.

Ағымдағы жылдың басынан бағаның өсуі картопқа 35,5%, жаңадан жиналған көкөністерге – 18,8%, қой етіне – 8,8%, сиыр етіне – 7,3%, сары майға – 5,4%-ға, жаңадан жиналған жемістерге, консервіленген сүтке – 4,3%, жылқы етіне, кондитерлік өнімдерге – 3,6%-дан, мәйекті ірімшікке – 3,3%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға - 11,3%, қантқа – 5,9%, қарақұмық жармасына – 5,7%, күнбағыс майына – 4,4% тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге - 3,7%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 2,8%-ға, тоқыма бұйымдарына, фармацевтикалық өнімдерге – 2,3%, жеке қолданатын тауарларға, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 1,9%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1,8%, тұрмыстық аспаптарға – 1,4%-ды құрады. Баллондағы сұйытылған газ - 5,8%, бензин – 5,5%, дизель отыны – 2,2%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі құқық қызметтеріне - 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 3,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 1,6%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы - 3,6%, ішкі қалааралық – 2,7%-ға қымбаттады, ал жолаушылардың әуе көлігімен – 2,8% темір жол– 1,9%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге - 6,8%, орталықтан жылытуға – 5,2%, ыстық суға – 5,1%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%, электр энергиясына – 2,4%, суық суға – 2,2%-ға жоғарылады.

Барлық жаңалықтар