Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының қатынасы нығаюда

3 Мамыр, 2017 10:56
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қоры Баку қаласында Гейдар Әлиев қорымен әлеуметтік, мәдени, ғылыми және білім беру салаларында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отырды.

«Біздің қорларымыздың қызметі көптеген жағдайларда өзара ұқсас. Сіздердің қорларыңызда талантты жастар мен жас ғалымдарды қолдауға бағытталған мәдениет, ғылым мен әлеуметтік салаларда  қоғамдық маңызды жобаларды жүзеге асырумен айналысып келеді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.

Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы елшісі Бейбіт Исабаев қатысып, қорлар арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор екенін атап өтті.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қоры мен Гейдар Әлиев қорының арасындағы ынтымақтастықтың кеңістігін кеңейту және бірлесіп жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Бакуге сапары аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қорының делегациясы Әзірбайжанның бірегей        тарихи жерлерінің бірі Құрметті жерлеу алеясына барып, Гейдар Әлиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 

Барлық жаңалықтар