- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да күркетауық өсіру жөніндегі өңірлік кластер құру жоспарлануда
ОҚО-да күркетауық өсіру жөніндегі өңірлік кластер құру жоспарлануда
Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен кездесу және жергілікті бизнеске қатысты проблемаларды талқылау мақсатында жұмыс тобы сапар аясында Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» ЖШС-да болды.
Ордабасы құс» компаниясы – Еуразиялық экономикалық одақта орналасқан ең заманауи кешендердің бірі. Бұл Қазақстан мен орта Азия бойынша бірінші және әзірге жалғыз күркетауық өсіретін жоба болып табылады. Кешенде өндірілген өнімнің 40 %-ы Еуроодақ елдеріне экспортталады.
Кәсіпорынның ендігі жоспары – қоспа жем шығарумен айналысатын шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар және құс етін қайта өңдейтін кооперативтер кіретін аймақтық кластер құру. Алдағы уақытта мұнда аумағы 50 га құрайтын күркетауық өсіретін 25 құс қора құрылмақ. «Ордабасы құс» күркетауық жемін өзі тасып, ветеринариялық қызметті де өзі көрсетпек. Құс кешені өсірілген күркетауықтарды сатып алады.
«Өсірілген күркетауықтардан 10 мың тонна құс етін өндіру жоспарлануда. Кластер құру үшін тіпті жаңа ауыл құру ұсынылып отыр. Ондағы тұрғындар жоғары технологияға негізделген өндірісте жұмыс істейтін болады», - деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба қандай нәтиже береді -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет -
МИБ пен ЖС-ны құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай тіркейді -
Сарапшылар: Қазақстан «құқықтық мемлекет» құруға дайын ба -
Тоқаев: Пандемия кезінде жемқорлықпен күресті одан әрі күшейтуіміз керек -
Қ.Тоқаев: Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті -
Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті -
Іле Алатауы ұлттық паркіндегі экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды -
Жапонияда Қазақстанды зерттеу жөніндегі сарапшылар қауымдастығы құрылды -
Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі кеңес құрылмақ