- Басты
- Жаңалықтар
- Өз ісінің мамандары ҚР Президентіне өз идеяларын ұсынды (ШОЛУ)
Өз ісінің мамандары ҚР Президентіне өз идеяларын ұсынды (ШОЛУ)
ҚХА Шығыс Қазақстан облысының ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы Нелли Краснобаева ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аты мақаласы аясында Қазақстанның рухани жаңаруы туралы өз пікірін білдірді.
«Қазіргі заманның жаңғыруы – бұл көпөлшемді кеңістік пен уақыт. Ал Қазақстанның рухани жаңаруы – білімге, дәстүрлер мен инновацияларға көбейтілген ұлттық код. Сондықтан, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала – ХХІ ғасырда ұлттың рухани гүлденуінің жаһандық стратегиясы», - деп атап өтті өз сөзінде Н. Краснобаева.
Оның айтуынша, «100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» сынды өзге де ауқымды жобалар өзіндік сананы жаңа деңгейге көтеріп, ұлттың заманауи рухани негізін қалыптастырады.
«Бірде Сіз «Келешекте кітап оқитындар интернетте отыратындарды басқаратын болады» деген едіңіз. Жас буын уақытын әлеуметтік желілерде өткізбей, ой-өрісі биік ұлтқа тән идеяларға толы әрі кітап оқитын ұрпақ болғанын қалаймыз. Бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық топтары жұмыс істейді, еліміздің 20 жоғары оқу орнында ҚХА кафедралары ашылды. Бұл рухани жаңғырудың күшті интеллектуалды ресурсы», - деп атап өтті спикер.
Нелли Краснобаева өз идеясын да ұсынды.
«Алдағы он жыл ішінде ұлтымыздың даму жолын дәл осы жас ұрпақ айқындайтын болады. Сол себепті бізге Республикалық әлеуметтік-демографиялық даму зерттеу институты қажет. Ол үшін Қазақстанда өз кадрлары бар. «Болашақ» бағдарламасы аясында «Демография» мамандығы бойынша қазірдің өзінде 24 магистр және 10 ғылым докторы даярланды», - деді ол Президентке.
Келесі сөз сөйлеген Сергей Руссу - «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімінің бастығы. Сондай-ақ, ол Еуразиялық топ ұжымының мүшесі және энергетиктер еңбек династиясының өкілі. С. Руссу Президентке өз жұмысының қызметі туралы баяндады.
«Менің кәсібім – қауіпсіздік техникасы. Ал қауіпсіздік техникасы барлық жерде және әрқашан екі принциптің негізінде құрылады, ол - прагматизм және эволюциялылық. Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңыз да қауіпсіздік техникасы, бірақ ол рухани, әлеуметтік салаға қатысты. Сіз прагматизм қазіргі замандағы жалғыз табысты модель деп дәл айттыңыз. Ондай болмаған жағдайда, апатты жағдайға әкелетін орындалмайтын, популистік идеологиялар пайда болар еді», - деді ол.
Сондай-ақ, С. Руссу ҚХА рөлінің және елімізде тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы жайында да айтып өтті.
«Әр адам үшін жеке, өз деңгейіндегі эволюция да аксиома тәрізді. Бір сәтте байып шыға келуге болмайды. Ол үшін көп еңбектеніп, бәсекеге қабілетті болу керек», - деп атап өтті ол.
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ жүк тиеу кешенінің докер-механизаторы Евгений Галатырь да өзгелері тәрізді Елбасының рухани және уәждемелік мақаласы туралы өз пікірін айтты.
«Бізге, жастарға Сіздің прагматизмге қатысты айтқан идеяңыз әсіресе жақын. Менің түсінуімше, прагматизм – бұл адам шын көңілімен, шабыттана жұмыс істесе, ол кез келген кәсіпке лайықты. Дәл сол себепті мен портта жұмыс істеймін. 25 жыл бұрын Қазақстан теңіз державасына айналады деп кім ойлаған еді? Ал Президент теңіз порттарының маңыздылығын үнемі біліп жүрген. Нәтижесінде, Ақтау Қорғас арқылы Қытаймен, Түрікменстан арқылы Орталық Шығыспен, теңіз арқылы Кавказбен және Еуропамен жаңадан туғандай», - деді Е. Галатырь.
Сондай-ақ, ол «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын ерекше атап өтіп, қызықты идеясын ұсынды.
«Біздің баршамызды жоғары көтеріп, биіктеткен – Тәуелсіздік! Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, менің бір өтінішім бар. «100 жаңа есім» тізімін бекіткен кезде Ақтаудағы порт жұмысшыларын да қосуыңызды сұраймын. Мен өзім үшін емес, өз бригадам үшін сұраймын», - деп Президентке өтінішін білдірді.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба