- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында мыс пен мырыштың жаңа кеніші салынады
Ақтөбе облысында мыс пен мырыштың жаңа кеніші салынады
Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісі Хромтау ауданы экономикасының жетекші салалары болып табылады. Аманғали Бердалиннің айтуынша, есептік кезеңде өнеркәсіптік өнім көлемі 59,5 млрд теңгені құрап, 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда 8,6% өскен.
Ауданның өнеркәсіптік өндіріс көлемінің негізгі үлесін хром рудасы мен хром концентратының өндірісі құрайды. Мыс рудасын өндіру көлемін арттыру шаралары қабылдануда. «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС қуаттылығы жылына 500 мың мыс-мырыш рудасы болатын «Көктемгі-Арал» кенішінің құрылысын жүргізуде. Кеніш 2018 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Инвестицияның көлемі шамамен 30,8 млрд теңгені құрайды.
Сол арада, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі есептік кезеңде 2,1 млрд теңгені (100,3 %) құрады. 9 ауыл шаруашылығы кооперативін құру есебінен ет пен сүт өндірісі артты.
«Жалпы, тұтыну және өндіру балансының сараптамасы 2016 жылдың қорытындысы бойынша отандық өндірісте ішкі азық-түліктің ет, сүт, жұмыртқа, ұн, жеміс-жидек, картоп сияқты негізгі өнімдерін тұтынудағы үлесі 100%-ды құрайды», - деді аудан әкімі.
Ол сонымен қатар, ағымдағы жылы Хромтау ауданының жалпы егіс алқабы 85,2 мың гектарды, суармалы жерлер алаңы 1860 гектарды құрайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, аудан әкімі Хромтау ауданындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті жүзеге асыру мәселелеріне де тоқталды.
«2017 жылы Хромтау қаласында МЖӘ аясында үш ірі нысанның құрылысы жоспарлануда. «Шығыс-хром» ЖШС есебінен мәдени-демалыс орталығының ғимараты салынбақ. «Казхром» ТҰК АҚ бөлімшесінің Дөң кен байыту комбинаты 320 орындық балабақша тұрғызады. Сонымен қатар, спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарда бар», - деп хабарлады Бердалин.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары