- Басты
- Жаңалықтар
- Еліміздің әскери қызметшілері ҚР ҚК дамытудың жаңа әдістерін талқылады
Еліміздің әскери қызметшілері ҚР ҚК дамытудың жаңа әдістерін талқылады
ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, конференцияның негізгі мақсаты Қазақстанның Қарулы Күштерін әрі қарай дамытуда заманауи ғылыми-практикалық әдістерді зерделеу мен іздестіру, ҰҚШҰ мүше мемлекеттері қарулы күштерінің әскери кадрларын бірлесіп дайындауды белгілеу болып табылады. Конференцияның жұмысына Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери университеті, Ресей мемлекеттік сот төрелігі университеті, Украина ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері, ҰҚШҰ-ның біріккен штабы және бірқатар қазақстандық ЖОО-лардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ конференцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы генерал-лейтенант Б. Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор генерал-лейтенант А. Тасболатов, Халық Қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты Т. Мұсабаев қатысты.
"Қарулы Күштердің құрылымын оңтайландыру және жетілдіру бойынша іс-шаралар ең алдымен, олардың жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға бағытталады. Бүгінде қажет етілетін бағытта және қажет уақытта күштер мен құралдарды жылдам өрістете отырып, көп нұсқалы іс-қимылдарға әзір, кәсіпқой әскери қызметшілермен жасақталған мобильді бөлімшелер құрылды. Осындай негізгі өзгерістердің арқасында Қазақстанның Қарулы Күштері бүгінде мемлекет қауіпсіздігінің сенімді кепілі болып табылады. Әскери ғылым әскери құрылыстың өзекті бағыттарын айқындауға және мемлекеттің әскери ұйымын дамытуға негізделген", - деді Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары – «ҚР ҚК Бас штабының академиясы» факультетінің бастығы генерал-майор Дамир Халықов.
Конференцияның ерекшелігі баяндамалардың жоғары деңгейі ғана емес, сонымен бірге, қатысушылардың жоғары академиялық мәртебесі, Қарулы Күштердің рөлі мен маңыздылығын түсіну. Іс-шара қорытындысы бойынша конференцияға қатысушылар ҚР ҚК әрі қарай дамыту жөнінде теориялық және практикалық ұсынымдар әзірледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру