- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Worldskills Kazakhstan» ұлттық чемпионаты басталды
Астанада «Worldskills Kazakhstan» ұлттық чемпионаты басталды
«Worldskills Казақстан» жобасы биыл үшінші рет жалпыұлттық чемпионат болып өткізілуде.
Жарыстың жеңімпаздары 2017 жылдың мамыр айында Краснодар қаласында өткізілетін «Жас мамандар» (WorldSkills Russia) Ұлттық чемпионатына қатысады. Сонымен қатар қазан айында WorldSkills Kazakhstan Ұлттық құрама командасы Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтетін WorldSkills Competition әлемдік чемпионатына қатыспақ.
WorldSkills Kazakhstan жобасының мәні – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру. Ол маман тапшылығын азайтып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық дамуына қосар үлесі зор. Жастардың болашақта жұмыс тауып, отбасын асырай алатын мамандықтарды иеленуі де басты мақсаттардың бірі. Бұл жоба жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен бағыт.
Бұл сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен келетін 300-ге жуық қатысушы мен 400-ге жуық сарапшы атсалысады деп күтілуде.
Астана қаласы «Көрме» КЗ 2 мен 5 мамыр аралығында өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2017» Ұлттық чемпионаты шеңберінде алғаш рет мүмкіндіктері шектеулі Abilympics (Абилимпикс) және есту қабілеті нашар Deafskills оқушылары арасында кәсіби шеберлік бойынша сайыстар өтеді.
Айта кетерлік жайт, бүгінде WorldSkills 76 мемлекетте қолдау тауып отыр. Қазақстан WorldSkills Ассоциациясының құрамына 2014 жылы 70-ші қатысушы мемлет болып тіркелді.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды