- Басты
- Жаңалықтар
- Еліміздің солтүстігіне 37 оңтүстік қазақстандық отбасы көшірілді
Еліміздің солтүстігіне 37 оңтүстік қазақстандық отбасы көшірілді
«Бұған дейін қоныс аударғандар азаматтардың 70 пайызы жұмыспен қамтылып отыр. Олар өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасумен қатар ауыл шаруашылығы саласында мал, егін шаруашылығымен айналысуға 7 мың гектардан астам жер алып, бірнеше ауыл коопреративтерін құрып, жеке кәсіпкерлік ашып істерін дөңгелетіп отыр», - деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан тұрғындарын еліміздің жұмыс көзі көп аймақтарына қоныс аудару шарасы аясында аталған отбасылар солтүстіктің Айыртау, Ақжар, Жұмабаев, Есіл және Уәлиханов аудандарына барып қоныстанады.
Биыл қоныс аударған отбасының әрбір мүшесіне 35 айлық есептік көлемінде, яғни шамамен 80 мың теңге бір реттік көмек беріледі. Сонымен қатар, бір жылға дейін тұратын үйдің жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдері өтелетін болады.
Күнгейден теріскейге көшкен отандастарымыздың дені ауыл шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отыр.
Аталған көштің ұйымдастырушысы облыс мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков қоныс аударушылар бірден іске кірісу үшін әр отбасыға 130-150 мың теңгеге көкөніс дақылдарының ұрығын алып берді.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің солтүстік өңірлеріндегі жұмыс берушілер сәуір айында халқы тығыз орналасқан Шымкент қаласы мен Мақтаарал, Сарыағаш аудандарында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізген болатын. Осының нәтижесінде бүгінде 700-ге жуық отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдіріп отыр.
Ал, Оңтүстік Қазақстан облысынан өткен жылы 146 отбасы немесе 572 адам Қазақстанның өзге өңірлеріне қоныс аударған. Оның ішінде 125 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына, қалғандары Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарына көшіп барған.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды