- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада халықаралық жеңімпаздар форумы өтті
Астанада халықаралық жеңімпаздар форумы өтті
Маңызды тарихи оқиға ретінде Ұлы Отан соғысы туралы мәңгілік еске алу, ұрпақ сабақтастығы және Ұлы Жеңіске бұрынғы Кеңес Одағы барлық халықтары өкілдерінің рөлі мен үлесін өзектендіру іс-шараның негізгі мақсаты болды.
Форумның басында Астанадағы Отан қорғаушылар алаңындаМәңгілік алауға ұлттық делегациялардың гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті. Сонымен қатар, форум қатысушыларына Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құттықтау жеделхаты оқылды.
«Астананы форумды өткізу орны ретінде таңдау Ұлы Отан соғысы майданында шайқасқан, сондай-ақ өз аумағында көшірілген халықты, өндіріс кәсіпорындарын, мәдени және оқу орталықтарын қабылдап, орналастырған Қазақстанның көпұлтты халқының қосқан қомақты үлесімен негізделді», - деп Қорғаныс министрлігінен атап өтті.
Форум барысында Ұлы Отан соғысының тарихын, посткеңестік кеңістік елдерінің мәдениеті мен БАҚ-та Ұлы Жеңістің бейнесін қалыптастыру тетіктері, Ұлы Отан соғысының тарихын бұрмалауға қарсы тұру жолдарын зерделеудің көкейкесті мәселелері талқыланды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен делегация мүшелеріне мәдени бағдарлама және ТМД қатысушы мемлекеттері әртістерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
Форумға мемлекеттік билік органдарының, ғылыми және сарапшылар қоғамының, ардагерлер мен жастар ұйымының өкілдері, шығармашылық қайраткерлер, ТМД, Грузия және Балтық елдері қатысушы мемлекеттерінің БАҚ өкілдері қатысты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті