- Басты
- Жаңалықтар
- Дін саласындағы мемсаясат тұжырымдамасы Жолдау міндеттеріне сай келеді – министр
Дін саласындағы мемсаясат тұжырымдамасы Жолдау міндеттеріне сай келеді – министр
«Тұжырымдамада мемлекеттік құрылыстың зайырлы қағидаттарын нығайтуға және дін саласындағы тұрақтылықты одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары көрініс тапқан. Тұжырымдаманың өзектілігі Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбымен Қазақстан халқына арнаған жолдауында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған негізгі идеяларға сәйкес келеді», - деп атап өтті министр Нұрлан Ермекбаев.
Діни қайшылықтар негізінде туындайтын радикализм көріністерімен байланыстағы келеңсіз үрдістер бой көрсетіп отырған қазіргі жағдайда қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік саясатта жан-жақты пысықталған ұстанымдарды қалыптастыру орталық мәнге ие.
Министр Н.Ермекбаев өз баяндамасы барысында «Еліміздің бұдан кейінгі болашақ дамуы дін саласындағы мемлекеттік саясаттың пәрменділігімен тығыз байланысты», - деп баса айтты ведомство басшысы.
Тұжырымдама жобасын талқылау барысында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.А.Жарасов оған қатысты өз пікірін білдірді. Ол Тұжырымдаманың негізгі идеяларына қолдау көрсете отырып, аталған маңызды құжаттың негізгі ережелерінің пәрменділігін арттыра түсу желісінде қоғам мен мемлекет дамуының одан әрі бірізді дамуын қамтамасыз ету мақсатында осы саладағы заңнамаларды жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Отырыста сөз алған Дінтанушылар конгресінің төрағасы Бақытжан Сатершиновтің пікірінше «...діни экстремизмнің өсе түсіп отырған қаупі жағдайында дін саласында пәрменді мемлекеттік саясатты жолға қоюдың маңызы үлкен». Дінтанушының пайымынша, тұжырымдамада еліміздің дамуының зайырлы қағидаты тұрғысынан дін саласындағы мемлекеттік саясаттың бағым бағыттары дұрыс айқындалған. Сондықтан тұжырымдаманы тәжірибелік іске асыру мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара әрекеттесуінің қазақстандық үлгісін дамытудың алғышартын қалыптастырады.
Үкімет отырысында Дін саласындағы мемлекеттің саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы барша қатысушылардың қолдауына ие болды.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Діннің радикалдануы қоғамға төнген қатер -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр