- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта ХҚҚДБ-дан 80 млн долл қарыз алу туралы келісім талқыланды
Сенатта ХҚҚДБ-дан 80 млн долл қарыз алу туралы келісім талқыланды
Сенаттың хабарлауынша, бұл Келісім 2016 жылғы 1 қарашада Астанада жасалған.
Келісімге сәйкес Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі Қазақстан Республикасына Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасын қаржыландыруға 5 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 15 жыл өтеу мерзімімен 80 млн. АҚШ доллары сомасында қарыз береді.
Айта кетерлік жайт, комитет мүшелері қарыздың санаты, жобаның құрылымы, Келісімнің күшіне ену мерзімі, Жобаны қаржылық басқару, қаржылық есептер және Жоба бойынша өткізілетін аудиттерге қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен бірге, Комитет мүшелері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның дәрілік заттарға шекті бағаны көтерме, сондай-ақ бөлшек нарықтарда орнату жөніндегі мәселелерді талқылады.
Тұтас алғанда қарыз есебінен емес, Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеті қаражатының есебінен білім беру халықаралық технологияларының трансфертін, біліктілікті арттыруды, талапкерлерді әлемнің жетекші академиялық орталықтарында оқытуды және халықаралық сарапшылар мен консультанттарды тартуды қаржыландыру мәселелері көтерілді.
Бұдан басқа, депутаттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жүйесіндегі алдағы өзгерістер және әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасынан күтілетін нәтижелер нақтыланды.
Заң жобасы Палатаның қарауына берілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары