- Басты
- Жаңалықтар
- Астана процесінің барлық қатысушылары кезекті кездесуге қатысатынын растады
Астана процесінің барлық қатысушылары кезекті кездесуге қатысатынын растады
Гарант елдердің делегацияларына басшылық етушілер:
Ресей – Александр Лаврентьев, Ресей Президентінің сириялық реттеу жөніндегі арнайы өкілі;
Түркия – Седат Онал, Түркияның сыртқы істер министрінің Таяу Шығыс және Африка бойынша орынбасары;
Иран – Хоссейн Джабери Ансари, Иранның сыртқы істер министрінің араб-африкалық елдер істері жөніндегі орынбасары.
Сирия үкіметінің делегациясын БҰҰ жанындағы Сирияның Тұрақты өкілі Башар Джаафари басқарады.
Сириялық қарулы оппозиция делегациясын «Джейш аль-Ислам» ұйымының басшысы Мохаммад Аллуш басқарады.
Бұдан бөлек, кездесуге:
БҰҰ Бас хатшысының Сирия мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан Де Мистура;
Иорданияның сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Науаф Уасфи Тель қатысады.
Кездесуге алғаш рет АҚШ делегациясының басшысы ретінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс істері жөніндегі көмекшісі Стюарт Джонстың қатысуы күтілуде.
2 мамырда Астанада жабық форматта гарант елдердің әскери сарапшыларының кездесуі өтуде, оған БҰҰ минасыздандырумен байланысты қызмет мәселелері жөніндегі қызметінің директоры Агнес Маркайллоу қатысуда.
Астанаға Ресей, Түркия, Иран делегациялары, БҰҰ, Сирия үкіметі мен оппозициялары келді.
2 мамырдан 3 мамырға қараған түні Ресей, Түркия, БҰҰ, Иордания және АҚШ делегациялары басшыларының Қазақстан астанасына келуі күтілуде.
СІМ мәліметі бойынша, 3 және 4 мамырда жабық форматта кездесуге қатысушылар арасында екіжақты келіссөздер өтпек. 4 мамырда пленарлық отырыс және қорытынды баспасөз конференциясы жоспарланған.
Астана процесі Сириядағы әскери әрекеттерді тоқтату режимін нығайтуда маңызды рөл атқарды. Алдағы уақытта Астанада Сирия бойынша өтетін кездесудің мақсаты – алдыңғы үш раунд аясында қол жеткізілген ілгерілеуді бекіту.
Бүгінде Сириядағы шиеленістің өсуі жағдайларында Астана процесінің маңызы едәуір өскен. Женевада Сирия бойынша келіссөздердің сәтті өтуі алдағы кездесудің нәтижелеріне байланысты болады.
«Астана процесі Женева процесі аясында саяси шешімдер іздеу жұмысы үшін маңызды тұғырнаманы қамтамасыз етеді. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Астана процесі аясында Сирия бойынша келіссөздердің сәтті өтуі үшін алаң ұсынуды және барлық қолайлы жағдайлар жасауды жалғастырмақ», - деп атап өтті ведомствода.
-
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Назарбаев: Праймериздерді әділ, ашық және барлық қатысушы үшін тең жағдайда ұйымдастыру керек -
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс -
COVID-19: 6 тамыздағы басты жаңалықтар