- Басты
- Жаңалықтар
- Орталық Азия мен Жапония министрлері ынтымақтастық жол картасын қабылдады
Орталық Азия мен Жапония министрлері ынтымақтастық жол картасын қабылдады
Ведомствоның ақпараты бойынша Ашхабадтық отырыстың күн тәртібіне тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, сауда мен инвестициялар, қауіпсіздік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласында өңірлік өзара іс-қимылды ілгерілету мәселелері кірді. Бизнес ортаны жақсарту және инфрақұрылымды дамыту бойынша пікір алмасу өтті.
«Қазақстан Орталық Азияның іскерлік әлеуетін ашуға бағытталған ынтымақтастықтың жаңа нысандарын іздеуді қолдайды. Осы ретте жапон тарабын үстіміздегі жылғы наурызда Диалогтың бизнес-форумының сәтті өткізілуімен құттықтағым келеді», - деді Қ. Әбдірахманов сөз сөйлеу барысында.
Диалог шеңберіндегі экономикалық трек тартымдылығын толықтыратын Жапонияның экономикалық ведомстволарын бизнес-форум жұмысына белсендірек қатыстыру ұсынылды. Қазақстан Орталық Азияның транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуды, өңір елдерінің ұлттық бағдарламалары мен ірі көпжақты көліктік-транзиттік жобалар бойынша стратегиялары шеңберінде жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларды жақындастыру бойынша жұмысты жалғастыруды ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Өңірдің транзиттік әлеуетін көтермелеу мен өңір ішіндегі сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында Орталық Азияда үйлестірілген көліктік саясатты жүргізу уақыт талабы болып табылады.
Диалог қатысушылары Қазақстанның Ауғанстанға тұңғыш ресми даму көмегін көрсеткені туралы хабарландырылды. БҰҰ Даму бағдарламасы мен Жапониямен бірлесе ауған әйелдерінің экономикалық дербестігі мен құқықтарын көтермелеу жөніндегі сынамалық жоба іске қосылды.
Қазақстандық тараптың пікірінше, Жапониямен ынтымақтасудың сәтті тәжірибесін жалғастыру және Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберіндегі күш-жігерді бірлестіру – Диалогтың өзгеше маңызды бөлігі. Осыған байланысты, Қазақстан БҰҰ Есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесе «Шекаралық байланысу кеңселерін жасау және Орталық Азиядағы есірткі мен қылмыспен күресудегі трансшекаралық ынтымақтастықты күшейту жөніндегі жобасын» іске асыруға Жапонияның ниетін қолдайды.
Орталық Азия және Жапония елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жыл орнатылуына орай өткізілген Сыртқы істер министрлері кеңесінің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды және «Көлік және логистика саласындағы өңірлік ынтымақтастығының жол картасы» қабылданды.
Құжаттар кадрларды дайындауда жәрдем етеді, оның ішінде жолдарға, қала көліктерінде, жол-көліктік апаттарды болдырмауда, теміржол саласында, әуе қозғалысын жүргізу саласында, кедендік әкімшілікте бақылауды қарастырады. Ынтымақтастық сондай-ақ шекараны бақылауды, теміржол логистикасын дамытуды, ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдауды нығайту мәселелерін қамтиды.
Еліміздің бастамасы бойынша мәлімдеменің мәтініне су ресурстарын сапалы басқару және үнемдеу мәселелерінде жапониялық тәжірибені тартуға байланысты Диалогтың әлеуетін белсенді пайдалану мәселелері де енгізілді.
Диалогқа мүше мемлекеттер Орталық Азия өңірінің ғылыми-техникалық және инновациялық дамуына септігін тигізетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің жұмысына қатысуларын бірауыздан қолдады.
«Орталық Азия + Жапония» Диалогы Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынастарды кеңейту және нығайту және өңірлік ынтымақтастықты дамыту бойынша күш-жігерді арттыру мақсатында 2004 жылы Жапония бастамашы болған ынтымақтастық форматы болып табылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері