- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада бірыңғай такси қызметіне 100 жаңа көліктің кілті табыс етілді
Астанада бірыңғай такси қызметіне 100 жаңа көліктің кілті табыс етілді
Елорда әкімдігінен хабарлағандай, жобаның басты мақсаты - Астана қаласында «ASTANA TAXI» бірыңғай такси қызметін енгізу, соның ішінде заңды автотасымалдаушылардың санын арттыру арқылы халықтың жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінде жоба аясында қосымша 200 дана автомобильді іске қосуға байланысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай ақ, Экспо көрмесінің қарсаңында қала жолдарына тағы 300 жаңа автокөлік пен қолданыстағы таксомоторлы компаниялардың 300 көлігі шығады. Барлық автокөліктер бір стильде безендіріледі.
Жобаның екінші кезеңі және қосымша қызмет көрсету түрлері қыркүйек айына дейін іске қосылады. Бұл қосымша тағы 300 автокөлік. Жолаушылар үшін «тегін WI-FI» қызметі ұсынылады.
Әкімдіктен түсіндіріп кеткендей, «ASTANA TAXI» - бұл ресми тасымалдаушыларды біріктіретін бірыңғай такси қызметі және оның қалалық және мобильді байланыс арқылы 15800 нөмірі арқылы қосылуға мүмкіндік беретін біріңғай CALL Center бар.
Такси шақыру үшін ыңғайлы ASTANA TAXI қосымшасы бар және карточкамен төлем жасау үшін таксиге POS терминал орнатылған.
Сондай-ақ, бір жүйелі такси қызметі үшін қоғамдық орындарда арнайы тұрақтарды бөлу мәселесі және bus line жолағымен жүретін мүмкіндік қарастырылуда.
Айта кетерлік жайт, жоба такси компанияларының жеке инвестиция есебінен қаржыландырылады.
ASTANA TAXI жобасының техникалық қосылуы 7 мамырға жоспарланған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді