• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына 20 миллиард теңгеден астам өтемақы төленді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына 20 миллиард теңгеден астам өтемақы төленді

2 Мамыр, 2017 16:12
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өз салымшыларына 20,1 млрд теңге мөлшерінде өтемақының екінші жартысын мерзімінен бұрын төледі, ал бұл 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша депозит сомасының 15,8%-ы.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ақпараты бойынша өтемақыны 284 221 салым иесі алған.   

«Өтемақының екінші жартысын төлеуге бағытталған 20,1 миллиард теңгенің 9 млрд теңгеге жуығы банктің өз қаржысы болып табылады. Осы орайда, біздің соңғы 5 жылда тапқан барлық табысымызды өтемақыға жұмсағанымызды айта кету керек. Себебі біз үшін азаматтардың өз салымдарын сақтап қалып, армандаған баспаналарына қол жеткізуі өте маңызды», - деп атап өтті «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін өтемақы көлемі салым сомасының 35,5%-ы мөлшерінде белгіленді.

2016 жылы банк 29,3 миллиард теңгені құрайтын өтемақының алғашқы траншын төледі. Оның 18,8 млрд теңгесі мемлекеттік бюджеттен, 10,4 млрд теңгесі банктің өз қаржысынан бөлінген болатын. 19,7%-ды құрайтын алғашқы транш 316 760 салымшыға төленді. (2016 жылдың 1-тамызына дейін – 19,2%, 2016 жылдың соңына дейін 0,5% қосымша төленді).

Барлық жаңалықтар